• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Сәуір, 2020

Шымкентте «COVID-19» инфекциясын жұқтырған тағы 1 жағдай анықталды

285 рет
көрсетілді

Ауру жұқтырған азамат 1973 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны. Ол 17-сәуір күні коронавирус инфекциясы анықталған 1966 жылғы адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 18 сәуірдегі жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан адамдардың саны  58-ге жетті.

 

Шымкент