• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Сәуір, 2020

Бірінші кезеңінде топ жарды

248 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік пандемияға байланыс­ты қазіргі таңда бұқаралық сипатқа ие барлық іс-шаралар тоқтағаны белгілі. Олардың қатарында спорттық жарыстар да бар. Осы орайда кейбір ұйымдар жанкүйерлерді зеріктірмеу мақсатында виртуалды бәсекелерді ұйымдастыруда.

Күні кеше «Джиро д’Италия» көпкүн­дігінің басшылығы спортшылармен ақыл­даса келе онлайн-веложарысын бастап кетті. Ереже бойынша спортшылар өздері тұ­рып жатқан жерде велостанок арқылы сынға түседі. Виртуалды көпкүндіктің бі­рінші кезеңінде тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионы Алексей Луценко топ жарды. Отандасымыз 32.1 шақырымды 44 минут 41 секунд уақытта жүріп өтті. Екінші орынды италиялық Элиа Вивиани иеленді. Ол мәре сызығын Луценкодан 4 минут 20 секундтан кейін кесті. Ал үздік үштікті «Pro Team Astana» өкілі Давиде Мартинелли түйіндеді.

Айта кетейік, «Джиро д’Италия» көп­күндігі мамыр айының ортасында өтуі керек еді. Алайда пандемияға байланысты турнир қазан айына ауыстырылды. 10 мамырға дейін жалғасатын виртуалды жарыс 7 ке­зеңге жоспарланған.