• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Сәуір, 2020

Түркістан: Диқандар бір жерге екінші дақыл егуде

415 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Жетісай ауданының диқандары бір жерге екінші дақыл егу жұмыстарына кірісіп кетті.

Ш.Ділдәбеков ауыл округінде Рамазан Ходжанов өз иелігіндегі 5 гектар егістік жерінің 2 гектарына ақпан айында ерте пісетін қырыққабат егіп, жуырда жинаған өнімінің бәрін өткізген. Енді оның орнына ерте пісетін қауын еге бастады.

«Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына орай біз де екі рет өнім алу ісіне кірістік. Өйткені ауданымыздың климаты диқаншылықпен айналысу үшін өте қолайлы. Оның үстіне шаруалар үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек көп. Өзіме тиесілі жерге қырыққабат егіп, оны жинап алдым. Әрі қарай сол жерге ерте пісетін қауын егудемін. Карантин кезінде біздің өнімдерімізді, жерде қалдырмай жол ашып бергені үшін облыс әкімі Өмірзақ Естайұлына ризашылығымды білдіремін», дейді Рамазан Ходжахметұлы.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, аудан бойынша биыл 11361 гектар аумаққа ерте пісетін қауын мен қарбыз егілген.