• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2020

Түркістан облысында індет жұқтырған тағы 5 адам тіркелді

409 рет
көрсетілді

Бүгін, яғни 21 сәуірдегі ақпарат бойынша Түркістан облысында тағы 5 адамнан коронавирус инфекциясы расталып, өңірде науқастар саны 63-ке жетті. 

Инфекция анықталған бесеудің үшеуі Арыс қаласының 1964 жылы туған, 1999 жылғы және 2013 жылы туған тұрғындары. Сондай-ақ Созақ ауданы, Созақ ауылының 1979 жылы туған және 18 жастағы тұрғындарынан COVID-19 инфекциясы расталды. Аталған азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен жақын байланыста болған. Індет анықталғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. Олармен жақын байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында індет жұқтырған 20 (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған), Арыс қаласында -  17, Кентауда - 5, Мақтаралда - 4, Ордабасы - 4,  Сайрамда - 3,  Сарыағаш ауданында - 4,  Түркістан қаласында – 2, Созақ ауданында – 2, Бәйдібек және Қазығұрт аудандарында  1 науқастан   тіркелген.