• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Тағы екі адам ауырып, екі науқас сауықты

182 рет
көрсетілді

Бүгін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі адам арнайы бокстарға оқшауландырылды. Науқастар Теміртау қаласының тұрғындары. Бұрын осы індетті жұқтырғандармен байланыста болғандықтан, олар карантиндік госпитальға жатқызылған екен.

Сондай-ақ бүгін облыста екі науқастың коронавирустан жазылып шыққаны белгілі болды.

Бүгінгі күні облыста COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 101 оқиғасы  тіркелген. Оның ішінде бір адам қайтыс болды және 15 науқас сауығып кетті.

Қазіргі уақытта үй карантинінде 2 436 адам отыр.