• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Білім 21 Сәуір, 2020

Биыл «Алтын белгі» қалай беріледі?

1263 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрлігі осы жылы «Алтын белгіден» 7 мың 444 түлектің үміткер екенін жариялады. Ал мектеп бітірушілері биыл төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырмайды. Сонда «Алтын белгі» қалай берілмек?

Бұл сұраққа жоғарыда аталған жауапты ведомство 2017 жылдан бастап ҰБТ-да «Алтын белгіні» растау талап етілмейтінін еске салды. 

Осыған орай Білім және ғылым министрлігі:

«5-11-сыныптар аралығында барлық пәндер бойынша қорытынды жылдық бағасы «5» болса және бітіру аттестаттау емтихандарын үздік тапсырса, жеткілікті.

Қазіргі жағдайға байланысты 9, 11-сынып оқушылары бітіру емтихандарын тапсырмайды, сондықтан «Алтын белгі» жылдық қорытынды бағаларының негізінде беріледі», деп мәлімдеді.