• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Сәуір, 2020

Түркістан: Екі күнде 33 құқық бұзушылық анықталып, 6 адам қамауға алынды

140 рет
көрсетілді

Түркістан облысы полиция департаментінің жеке құрамы тарапынан қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және төтенше жағдай режимін бұзуға жол бермеу бойынша бақылау күшейтілген. Соған қарамастан, соңғы екі күннің ішінде өңірде 33 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып,  6 тәртіп бұзушы әкімшілік қамауға алынды. 15 адамға әкімшілік айыппұл салынып, 15-іне ескерту берілсе, қалғанына қатысты материалдар сотқа жолданған.

Тәртіп сақшылары төтенше жағдайға қарамастан жұмыс істеп тұрған моншаны, бильярд орнын анықтады. Тәртіпке бағынбағандар арасында карантинге қарамастан блок-бекеттен өтіп кетуге тырысқан автокөлік иелері ұсталып, іс сотқа жолданған. Департаменттің мәліметінше, төтенше жағдай жарияланған уақыттан бері 253 құқық бұзушылық анықталып, 100-ден астам адам қамауға алынған.

Төтенше жағдай кезінде дүкендердің, қоғамдық тамақтану және басқа да мекемелердің жұмыс тәртібін бұзуы мен отбасылық мерекелерді ұйымдастыруы жайттардың жолы кесілді. Тәртіп сақшылары тұрғындарды карантиндік режимді қатаң сақтауға, аса қажеттілік туындамаса үйден шықпауға шақыруда.

 

Түркістан облысы