• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2020

Түркістан: Тағы 5 адам коронавирустан айығып шықты

326 рет
көрсетілді

Түркістан облысында COVID-19  инфекциясынан жазылғандар қатары тағы 5 адаммен толығып, 18-ге жетті.

Ордабасы ауданының 18 жастағы және Кентау қаласының 1994 жылы туған тұрғынының соңғы талдама нәтижелері теріс көрсеткішке ие болды. Сондай-ақ, Арыс қаласының 1968 жылы, 1988 жылы туған тұрғындары мен 5 жасар баланың  COVID-19 инфекциясын жеңіп шыққаны белгілі болды. 

Айта кетелік, Ордабасы ауданының азаматы вирусты Шымкенттен жұқтырса, қалған 4 азамат Нұр-Сұлтан­­ ­— Шымкент бағытындағы поезбен келген әйелмен жақын байланыста болған.

 

Түркістан облысы