• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2020

Түркістанда миллион шаршы метрге жуық жер залалсыздандырылды

291 рет
көрсетілді

Түркістан облысында індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында дезинфекциялық жұмыстар күшейтілген режимде жүргізілуде. Тек облыс орталығының өзінде бүгінге дейін 1 млн шаршы метрге жуық жер, яғни 557 нысан толық тазаланып, залалсыздандырылған.

Жолдар, аяқжолдар, аялдамалар, сауда дүкендерінің сыртқы аймақтарында дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Қала аумағы 17 секторға бөлініп, залалсыздандыру жұмыстарының көлемі мен нысандары нақтыланған. Арнайы рұқсаты бар 4 дезинфекциялау бөлімі барлық нысандарда жаппай тазарту жұмыстарын атқаруда. Автобус аялдамаларын арнайы нұсқаулықтан өткен бригадалар залалсыздандыруда. Тұрғын үйлердің кіреберістері мен аулалары кестеге сәйкес тазалануда.

Сондай-ақ өңірдегі ауруханаларда залалсыздандыру өткелдері орнатылды. Дезинфекциялық дәліз қабылдау және босану бөлімдерінің кіреберістеріне қойылған. Қызметкерлер және науқастар ғимаратқа кіру үшін сол жерден өтеді. Жалпы, облыстағы медициналық ұйымдарда COVID-19 инфекциясымен күрес жұмыстары барынша қолға алынған.

 

Түркістан облысы