• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Жетісуда жұмыстан қол үзген 252 мыңға жуық адамға өтемақы тағайындалды

152 рет
көрсетілді

Жетісуға жұқпалы індеттің жаманат хабары шыққалы ел ішіне алаң кіргені рас. Тұрғындар алдымен айналадағы адамдардың, үйдегі бала-шағаның амандығын тілеп, сақтықтық күшейттік. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Төтенше жағдай жарияланып, коронавирустың таралуына тосқауыл болатын шаралар қабылданғалы шаруаны жиып қойып, үйден шықпауды ұйғарды.

Жұрт бұл дертті жеңудің бірден бір жолы – әркім өз отбасын оқшаулап, бейсауыт жүрісті тиюы керек екен түсінді. Ауыл-аймақ болып осы ережеге бағынып отыр. Әрине, тіршілігі сауда-саттық пен қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнеске жататын адамдардың жұмысы тоқтағандықтан, табыссыз қалу оңай болған жоқ. Мысалы, Алакөл ауданы бойынша шағын кәсіппен айналысатын әрбір адам кемінде бірнеше жұмысшысы тағы жұмыспен қамтып отырған болатын. Төтенше жағдайға байланысты олар да күндік табысынан айырылды. Осы сәтте мемлекет адамдарды қиындықпен бетпе – бет қалдырмай, табыс табу мүмкіндігінен уақытша қол үзген санатқа қол ұшын созды.

- Қазір мен әлеуметтік қордан төленетін 42500 теңге өтемақыны алдым. Қарамағымда жұмыс істейтін адамдар да төлемақыға құжат өткізіп, ақша алып жатыр. Қиын қыстау кезде қарапайым халықтың қамын ойлаған ел ағаларына алғысымыз шексіз. Сол топтың бір өкілі ретінде бұл жақсылықтың өтеуі болатынына сенемін. Сондай-ақ, біздің облыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес су, жарық, газ үшін алынатын ақы төмендетілді. Яғни, жұмысымыз жүріп, табысымыз толыққанша коммуналдық төлемдерді жеңілдетілген тарифпен төлейтін боламыз. Бұл мемлекеттің тұрғындарға жасаған үлкен жеңілдігі деп ойлаймын. Ел іргесі аман болып, індет таралмаса екен, - дейді алакөлдік жеке кәсіпкер Елена Тунякина.

Жалпы, еліміз бойынша төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған адамдарға төленетін 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді 3 миллионнан астам адам алып үлгерген екен. Ал бұл өтемақы Алматы облысында 252 мыңға жуық адамға тағайындалған.

 

Алматы облысы