• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Сәуір, 2020

Спорттық гимнастикадан 2021 әлем біріншілігі кейінге шегерілмейді

248 рет
көрсетілді

2020 Олимпиада ойындарының 2021 жылға өзгертілуі халықаралық федерациялардың жарыс күнтізбесіне өзгеріс енгізді. Осыған байланысты бірнеше спорт түрінен Олимпиада ойындарымен қатар жарыс өткізбес үшін дүниежүзілік біріншілік додасын кейінге шегерді.

Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) қазіргі таңда 2021 жылы өтетін дүниежүзілік біріншіліктің уақытын ауыстыру туралы мәселенің күн тәртібінде жоғын ашық айтты. Атап айтқанда, спорттық гимнастикадан әлем біріншілігі 18-24 қазан күндері Данияда өтеді деп жоспарланған. Ал батуттық гимнастика бойынша біріншілік 11-14  қарашада Бакуде өтуі тиіс.

Биылғы додалар  кестесіне коронавирус пандемиясына қатысты өзгеріс енгізілген.