• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Теміртауда Елбасының тапсырмасымен емхана салынды

294 рет
көрсетілді

Қарағанды облысына келген кейінгі сапарларының бірінде еліміздің Тұңғыш Президенті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығының алдына Теміртау қаласында жаңа емхана салу туралы нақты тапсырма берген болатын. Обалы нешік, алпауыт кәсіпорын айналдырған аз ғана уақыт ішінде металлургтер қаласының тұрғындарына су жаңа ғимаратты сыйға тартты.

Жаңа емхана салынып біткенімен, алғашқы науқастарды мамыр айынан бастап қабылдайды. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басин бұл күнде мұнда медициналық жабдықтардың орнатылғанын, енді жиһаз түрлерінің жеткізіле бастайтынын айтты.

Тізіміне 20 мың адамға дейін тіркеле алатын емхананың ғимараты тұрғындар мол шоғырланған ауданда орын тепкен. Бұған дейін басы ауырып, балтыры сыздаған жұрт дәрігердің қабылдауына бару үшін бірнеше шақырымды артқа тастап, әуре-сарсаңға түсуші еді.

Жаңа емхана бой көтерген жерде тағы бір нысан – дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Негізінен алғанда, ғимараттың сыртқы құрылысы біткен, ал ішкі жұмыстары аяқталуға жақын.

Ендігі жұмыстың үлкені жаңа ғимараттың айналасын абаттандыру болып тұр. Екі нысанға да қатысы бар бұл жұмыстар маусым айында аяқталуы тиіс. Құрылысшылар қазіргі қарқынынан таймаса, бұл шаруаның да уақытымен және сәтімен іске асатын түрі бар.

 

 

Қарағанды облысы