ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінде «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорына гуманитарлық көмек тапсырылды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шара барысында ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов Варшавадағы ҚР Елшілігі ұйымдастырған гуманитарлық көмек польшалық «Wipasz» компаниясының бірнеше рет қолданатын медициналық қорғаныс маскаларын, сондай-ақ Любомирский князь Қорының сыйға берген 10 ноутбугін қамтитынын айтты.ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саинның айтуынша, алынған компьютерлер қашықтан оқыту үшін көмекке мұқтаж балалар арасында таратылатын болады.Сонымен қатар, ноутбуктардың бір бөлігі өткен жылдың қараша айында сәтті жүзеге асырылған «Русафа» гуманитарлық акциясы аясында Ирактан Қазақстанға әкелінген балаларға беріледі.