Халықаралық конькишілер одағы (ISU) ресми сайтында мәнерлеп сырғанаудан 2020/21 жылғы «челленджер» жарысының алдын ала тізімі жарияланды.
Жоспарға сәйкес маусымның шымылдық ашар турнирі 9-13 қыркүйекте Бейжіңде өтіп, желтоқсанда Загребте аяқталды. Сондай-ақ жарыстың бір кезеңі Алматыда (29 қазан – 1 қараша) өтеді.
ISU бекіткен «Челленджер» турнирінің бәсекелері мына жарыс кестесі бойынша өтеді: 17-19 қыркүйек – Оаквилль (Канада), 16-19 қыркүйек –Братислава (Словакия), 23-26 қыркүйек – Оберстдорф (Германия), 8-11 қазан – Эспоо (Финляндия), 15-17 қазан – Будапешт (Венгрия), 29 қазан – 1 қараша (Алматы, Қазақстан), 12-15 қараша (Варшава, Польша), 23-30 қараша – Инсбрук (Аустрия) және 2-5 желтоқсан – Загреб (Хорватия).
Десе де әлемдегі коронавирус жағдайына байланысты жарыстардың кестесі өзгеруі мүмкін. Естеріңізде болса, бұған дейін пандемияға байланысты Монреалдағы (Канада) әлем чемпионаты өтпей қалған болатын.