• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Сәуір, 2020

Алматыда індет тарататын кеміргіштерді жою науқаны жүреді

419 рет
көрсетілді

Биылғы  24 сәуірден бастап Алматы қаласында кеміргіштермен күрес жөніндегі кампания басталады. Кампания 31 мамырға дейін жалғасады.

Жаппай дератизация жоғарғы аудандардан басталады (оңтүстіктен солтүстікке қарай) және 47 мың гектардан астам аумақты қамтиды. Бұл саябақтар, скверлер, өзен жағалаулары, су қоймалары, арық науалары, контейнерлік алаңдар, сондай-ақ орамішілік кеңістіктер. Сондай-ақ 141 мыңға жуық жеке тұрғын үй құрылысы. Қазіргі уақытта қалада қақпандар орнату бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар дератизациялық өңдеуге мамандандырылған дәрігерлер мен арнайы техника жұмылдырылады. Аула аумақтарында дератизация жүргізу кезінде жеке сектордың тұрғындары арнайы улы химикаттарды тегін алатын болады. Кеміргіштерді жою жөніндегі кампанияға кәсіпкерлік нысандар да қатысады.

Бұдан басқа, төтенше жағдай мен карантинді ескере отырып, алдын ала өңдеумен шамамен 3,5 мың сауда объектілері мен өнеркәсіп кәсіпорындары, 500-ден астам білім беру объектілері мен денсаулық сақтау мекемелері, оның ішінде ауруханалар, емханалар, мектептер мен балабақшалар, метро, вокзалдар мен стадиондар қамтылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, дератизация егеуқұйрықтар мен тышқандардың санын реттеуге, сондай-ақ аса қауіпті жұқпалы және инвазиялық аурулардың таралуының алдын алуға бағытталған. Жыл сайын іс-шаралар 2 турда өткізіледі. Биыл көктемгі іс-шаралар мамыр айының соңына дейін жалғасады. Жұмыстың келесі кезеңі - күзде.

Аудандарда дератизациялық жұмыстарды жүргізу кестесі:

Наурызбай ауданы 24.04.2020 бастап 28.04.20 дейін

Бостандық ауданы 29.04.2020 бастап 03.05.2020 дейін

Медеу ауданы 04.05.2020 бастап 10.05.2020 дейін

Алатау ауданы 11.05.2020 бастап 18.05.2020 дейін

Ауезов ауданы 19.05.2020 бастап 20.05.2020 дейін

Алмалы ауданы 21.05.2020 бастап 22.05.2020 дейін

Жетісу ауданы 23.05.2020 бастап 26.05.2020 дейін

Түрксіб ауданы 27.05.2020 бастап 31.05.2020 дейін