• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Сәуір, 2020

2 600-ден астам қылмыстық іс электрондық форматта жүргізілді

265 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан полицейлері қылмыстық істерді электронды форматта жүгізуді қалыпты тәжірибеге енгізіп келеді. Электронды іс жүргізудің ерекшеліктерінің бірі – бұлтартпау шарасын онлайн режімде сотпен санкциялау мүмкіндігі.

Ол үшін жабық арна арқылы бейнеконференция байланысы пайдаланылады. Облыстағы 12 аумақтық уақытша ұстау изоляторы (УҰИ) барлығы қажетті аппаратурамен жабдықталған. Бүгінгі күні Петропавл қалалық соты санкция шығарудың виртуалды мүмкіндігін 51 рет, аудандық соттар - 7 рет пайдаланған. Мәселен, Мамлют ауданы орталығының 32 жасар мас тұрғыны көлік жүргізгені үшін бұрын басқару құқығынан айырылса да, көлікке тағы мініп, жеке меншік үйлердің бірінің қоршауын соққан. Анықтаушылар істі электрондық форматта тергеді. Қажетті құжаттар толтырылған соң, бірден қамауға санкция берілді. Әрбір процедура жылдам орындалды әрі қадағалау органдарымен өзара іс-әрекет жасауға қолжетімді болды. Қазіргі уақытта цифрлық іс сотқа тапсырылды. Іс-әрекетінен адам зардап шегуі мүмкін күдікті автомобиль басқару құқығынан өмір бойына, бас бостандығынан 6 жылға дейін айырылуы мүмкін.

«Электрондық қылмыстық іс» процесті жеделдетеді әрі жеңілдетеді, тергеу сапасын арттырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді, - дейді СҚО ПД Тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қайрат Қасымбеков.  «Облыстық аппаратта істерді цифрлық түрде жүргізу үшін 76 жұмыс орны жабдықталды. Аталған жұмыс орындарында анықтаушылар мен тергеушілер, сондай-ақ өз құзіреті шегінде криминалистер де, әкімшілік және жергілікті полиция қызметтерінің қызметкерлері де жұмыс істейді. Жас қызметкерлерді үйрету ұдайы жүргізіліп тұрады, жыл басынан «Е-қылмыстық іспен» жұмыс істеу дағдысын 46 адам игерді», дейді ол.

Жыл басынан «Е-қылмыстық іс» жүйесінде 2631 өндіріс жүргізілген. Қазір қылмыстық істерді жүргізуді толығымен электронды форматқа көшіру жоспарланған.

Солтүстік Қазақстан облысы