• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Сәуір, 2020

Коронавирусқа қарамай бокс кешін ұйымдастырды

196 рет
көрсетілді

Әлемді шарпыған коронавирус пандемиясына қарамастан Никарагуа астанасы Манагуада кәсіпқой бокс кеші өтті. Тіпті жекпе-жектерді тамашалауға жанкүйерлер де келген.

Бокс кешіне қатысқан жанкүйерлер мен ұйымдастырушыларға іс-шара кезінде арнайы маска киюді міндеттеген. Тіпті боксшылар да шаршы алаңға шығып, гонг соғылғанға дейін маска киген. Бокс кешінің билеттері тегін болса да, аренаға 800 адам ғана жиналды.

Промоутер Рикардо Альварестің айтуынша, бокс кешін боксшыларға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырған. Бір айта кетерлігі, шаршы алаңға тек жергілікті боксшылар шыққан. Жекпе-жектерді испан тілді ESPN телеарнасы трансляция жасады.

Никарагуа әлемде пандемияға жеңіл қараған санаулы мемлекеттің бірі. Ресми дерек бойынша, елде 11 адамнан коронавирус індеті табылса да, карантин жарияланбаған. Сондай-ақ елде бокс кешінен бөлек, футболдан ел біріншілігі де өтіп жатыр.