• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Елорда 28 Сәуір, 2020

Елордада Б.Момышұлы - А.Тоқпанов көшелері жабылады

468 рет
көрсетілді

Полиция департаменті көлік жүргізушілеріне қала жолдарында кептеліс болдырмау үшін жол жүру маршрутын алдын-ала жоспарлауға кеңес береді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабаралағандай, 29 сәуір мен 10 мамыр аралығында Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейінгі аймақтағы кәріз жүйесінің магистральді коллекторының құрылысына байланысты Б.Момышұлы даңғылы мен А.Тоқпанов көшесінің қиылысында екі бағытта көлік қозғалысы тоқтатылады. «Көлік қозғалысы уақытша жабық аймаққа тиісті жол белгілерін қою арқылы айналма жолмен ұйымдастырылады», - делінген баспасөз хабарламасында. Бұл учаскедегі көлік жылдамдығы сағатына 40 км-ге дейін шектелген. Қалалық полиция департаменті көлік жүргізушілеріне қала жолдарында кептеліс болмауы үшін жол жүру маршрутын алдын-ала жоспарлауды ескертеді.