• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2020

Қызылорда: Соңғы тәулікте 5 адам індет жұқтырды

279 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 187-ге жетті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов мәлімдеді.

Соңғы тәулікте жаңадан 5 жағдай анықталды. Олардың бесеуі де Қызылорда қаласынан. Бір тұрғыннан пневмонияға байланысты емханаға көрініп, тест сынамасын алу барысында белгілі болды. Ал төртеуі індет жұқтырғандармен қарым-қатынаста болып, бақылауға алынған азаматтар. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты , емдерін хаттамаға сәйкес алуда, – деді басқарма басшысы.

Сала басшысы бүгіннен бастап карантин талаптары жеңілдетілгенін айтты. Бірақ, қоғамдық көліктерде, дүкенде, көшеде  барынша ара қашықтық сақтап, адамдардың шоғырлануын болдырмауға мән беру керек.