• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Сәуір, 2020

Қазақстандықтар ТЖ кезінде мерзімі өткен құжаттарды пайдалана алады

95 рет
көрсетілді

Қазақстан азаматтарына төтенше жағдай режимі кезінде әрекет ету мерзімі өткен құжаттарды пайдалануға рұқсат етіледі.

Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жеке куәліктер мен жүргізуші куәліктері елімізде төтенше жағдай режимі әрекет етіп тұрған кезеңде жарамды болады. Мәжілістің жалпы отырысында қаралған төтенше жағдай мәселелері жөніндегі заң жобасына тиісті түзетулер енгізілді.Сондай-ақ төтенше жағдай режимі кезінде азаматтарға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жеке куәлігі мен жүргізуші куәлігі үшін айыппұл салынбайды.