• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Мамыр, 2020

Түркістан: 250 тонна қырыққабат қайырымдылық қоры арқылы тегін таратылады

381 рет
көрсетілді

Түркістан облысының әкімі  Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша өңірде өсірілген 300 мың тоннаға жуық қырыққабат дақылы еліміздің өзге облыстарына келіссөздер жүргізу арқылы жөнелтілмек.

Осы орайда Жетісай ауданынан 250 тоннаға жуық қырыққабат тиелген 10 жүк көлігі жолға шықты. Бұл орамжапырақтар "Дегдар" қайырымдылық қоры арқылы еліміздегі барлық балалар үйлеріне және тұрмысы төмен отбасыларға тегін таратылады. Бұдан бөлек, Жетісай ауданының 300 тонна орамжапырақ тиелген жүк көліктері Алматы қаласы әкімдігімен келісім негізінде Алматы қаласындағы базарларға жөнелтілді.  «Бүгінгі таңға дейін аудан бойынша 705 гектар жерден жалпы көлемі 20 мың тонна орамжапырақ жиналды. Нақтырақ айтсақ,  жетісайлық 367 шаруа  қырыққабат дақылын ексе, соның 246-сы қазіргі таңға өнімін жинап үлгерген. Бірде - бір қырыққабат жерде қалып жатқан жоқ. Індетке байланысты қиындықтар туындағанымен диқандар өз өнімдерін саудалап үлгеруде. Шаруалардың еңбегі еш кетпеуі үшін өзге облыс орталықтарының басшыларымен тоқтаусыз келіссөздер жүргізіп жатырмыз», дейді аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев.  

Жалпы биыл Жетісай ауданында 78 мың гектар алқаптың 1180 гектарына ерте көктемгі қырыққабат егілген болатын.

 

 

Түркістан облысы