• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Мамыр, 2020

Атырау: Теңізден шығарылған жұмысшыларға өтемақы беріледі

978 рет
көрсетілді

Жылыой ауданындағы ірі кен орнынан жұмысшыларды шығару әлі жалғасып жатыр.

«Теңізшевройл» ЖШС-нің бас директоры Имер Боннердің мәлім етуінше, кеніш аумағынан қызметкерлер бекітілген кесте бойынша шығарылып жатыр.

– 1 мамыр күні кешке Теңіз аумағынан шығарылғандар саны 13 мың адамға дейін жетуі тиіс. Еңбек ақы төлеуге байланысты наурыз айында стратегия қабылданды. Барлық қызметкер бұл мәліметпен танысты. Шығарылып жатқан жұмысшыларға ҚР Еңбек заңнамасына және ұжымдық шартқа сәйкес  өтемақы төленеді. Яғни жұмысшыларға орташа жалақы көлемінде өтемақы беріледі. Ал, өндіріс басында қалғандар үшін жалақы 1,5 есе көлемінде көбейтіледі, - деді Имер Бонер.