• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Мамыр, 2020

Facebook кибершабуылға қарсы қамдана бастады

181 рет
көрсетілді

Facebook әлеуметтік желісі қауіпсіздік мәселесімен айналысатын жиырмаға жуық қызметкерін жұмыстан шығарды. Олар қауіптерді анықтауға, сайттың жұмысын жетілдіруге және оны жеткізіп отыруға тиісті еді. Бұл қызметкерлер Facebook-тің Лондондағы, Сиэтлдегі және Калифорниядағы офистерінде жұмыс істеген.

Шира Френкель,

Майк Айзек

Жалпы, Facebook кейінгі екі жыл­­да қауіпсіздікпен айналыса­тын топтарын тарата бастады. Ком­­па­ния­ның хабарлауынша, Face­book қа­уіп­сіздікті қамтамасыз ету­ге қо­­мақты қаржы бөліп келеді. Ал қыз­­мет­­керлерді қысқартып, топ­тар­­ды қайта қарастыру компания ме­то­­д­о­логиясын жаңғыртуға, ки­бер­­ша­­буылға тосқауыл болуға бағытталған.

Facebook өкілінің сөзіне сү­йенсек, компания басшылығы ен­дігі жұмыс қатерлерді автомат­ты түрде анықтауға басымдық бере­ді. Сондай-ақ қауіпсіздікті ал­дын ала ескертуге арналған арнайы топ құрмақ. Бұл өзгерістер жұ­мыс топтарының жұмысын жеңіл­де­тіп, жаңаша міндеттер жүктейді.

Кейінгі жылдары Facebook-тің қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шаралары жиі сынға ұшырап жүр. Мәселен, 2016 жылы Ресей тарапы әлеуметтік желі ар­қылы АҚШ-тың президенттік сай­лауына ықпал етті делінеді. Ал 2018 жы­лы ком­пания қауіпсіздік жүйе­сін­де ақау кеткенін анық­тады. Осы кемшіліктің салдарынан мил­лион­даған адамның жеке дерек­тері қолды болып келген.

Бұрын қауіпсіздікті қам­та­­масыз ету қызметі Алекс Ста­мос бас­қара­тын топқа жүкте­летін. Ол ақпарат­тық қауіпсіздік бөлімінің директоры. А.Стамос 2018 жылы компа­ния­дан кеткен соң, бөлім таратылды. Қызмет­керлер басқа бөлімдерге ауысты. Содан бері ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы ла­уазымы жойылды.

Компания қызметкерлерінің сөзіне сүйенсек, Facebook қызмет­тері­нің қауіпсіздігін нығайту мақ­са­тында жаңа қадамдар қарастыру үстінде. Осы жұмыс аясында қауіп­сіз­дікті қамтамасыз етуге бағыт­тал­ған бағдарламалар жазуға ар­на­йы қызметкерлер алынбақ. Авто­мат­­тандыру әдісін қолдайтын менед­жерлердің айтуынша, осы бағыт­тағы шараларды жасанды ин­тел­лектке жүктеу арқылы қыз­мет­кер­лерге түсетін жүктеме жеңілдемек.

Компания LinkedIn желісіндегі парақшасында қауіпсіздік қатер­лерімен күресетін жүйе жасауға қажетті қызметкерлерді іздейтінін хабар­лады. Ал өзгерістер салдары­­нан жұмыссыз қалған қыз­меткер­лер басқа жұмыс табу қиынға соға­ты­нын айтып отыр. Өйткені олар не­гізінен бір ғана салаға бейім­делген.

 

Дайындаған

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»