Қазақстан мен Армения сыртқысаяси ведомстволарының басшылары телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2019 жылдың қазан айында Ереванда жоғары деңгейдегі екіжақты кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша қабылдаған шараларды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.