• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Руханият 05 Мамыр, 2020

Азамат Жылтыркөзов пен Forte trio тобы онлайн өнер көрсетеді

422 рет
көрсетілді

Бүгін «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында Азамат Жылтыркөзов пен Forte trio тобы онлайн өнер көрсетеді.

Концертті кешкі сағат 21:00-де онлайн форматта «Қазақтелеком» АҚ-ның telecomkz YouTube арнасынан көре аласыздар.

Сондай-ақ концерт Мәдениет және спорт министрлігінің Facebook және Қазақконцерттің @qazaqconcert Youtube парақшаларында қайталанады. Концерт барысында тыңдармандар өнер иелерімен тікелей сұхбаттасып, ой-пікірлерін білдіре алады.