• RUB:
    4.99
  • USD:
    523.54
  • EUR:
    546.47
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: COVID-19 дертінен 79 адам жазылды

150 рет
көрсетілді

Бүгін, 5 мамыр күні Қарағанды облысында екі пациент COVID-19 дертінен сауығып, ауруханадан шығарылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жазылып шыққандардың бірі Қарағандының 1941 жылғы тұрғыны. Екіншісі Шахтинск қаласында тұрады, жасы 30-да. Бұл екі пациентке  дәрігерлер ауыр дәрежедегі COVID-19 диагнозын қойған болатын.

Науқастар толық емдеу курсынан өткеннен кейін екі рет алынған ПТР-талдау теріс нәтиже көрсетті. Сол себепті олар үй карантинін сақтау шартымен инфекциялық стационардан шығарылды.

Сонымен, 5 мамырдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында «жаман тұмаудан» сауығып шыққандардың жалпы саны 79 адамға жетті. 

 

 

Қарағанды облысы