• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2020

Суға түсу қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндет

293 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының ТЖ қызметі жаз маусымындағы қауіпсіздік шараларына дайындалу үстінде. Әсіресе, халық жазғы демалыс уақытында суға түсетін көлдердің жағасындағы құтқару қызметтерінің дайындығы тексерілуде. Сол мақсатпен облыстық ТЖ департаментінің бастығы Рамил Камалов Айыртау ауданына барды.    

Айыртау ауданы ежелден Қазақстанның ең әдемі орындарының бірі болып саналады. Бұл өлке көркем көлдер мен қалың ормандарға бай, сондықтан оған жергілікті жерлерден ғана емес, республиканың жақын маңдағы аймақтарынан, тіпті  Ресей Федерациясынан демалушылар көп келеді. Рамил Каммалов туризм саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде суда құтқару станцияларын салу жоспарланған Шалқар және Имантау көлдеріндегі учаскелеріндегі жұмыстың барысымен танысты және Имантау селосындағы өрт сөндіру бекетінің жағдайын тексерді. «Ауданда туристік саланы дамыту әлеуеті өте зор, біздің облыстағы суда жаппай демалуға болатын 58 орынның 46-сы осында орналасқан. Біздің міндетіміз - қазақстандықтар мен өңір қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету»,- деп атап өтті Рамил Камалов.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов туризмді дамыту шаралары аясында суға түсетін адамдардың 2020 жылға қауіпсіздігін сақтау жоспарын бекітуді тапсырған. ТЖ департаментінің бастығы осы жоспарды тиянақтау мақсатында халық суға түсетін Ғабит Мүсірепов, Шал ақын, Есіл және Мамлют аудандарын да 3 күн бойы аралап шықпақшы.

 

Солтүстік Қазақстан облысы