• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2020

Тимур Сұлтанғазиев: Кафелер мен мейрамханаларды ашу жоспарда жоқ

220 рет
көрсетілді

Денсаулық  сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте кафелер мен мейрамханалардың әзірге ашылмайтынын айтты. 

«Бұл мәселе күн тәртібінде тұр деп ойламаймын. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға мән беру керек. Жақын арада кафелер мен мейрамханаларды ашу жоспарда жоқ. Десе де, мұның бәрі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады», – деді  комитет төрағасы.