Қызылорда облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 3 адам туралы ақпарат белгілі болды.
Вирус жұқтырғандардың үшеуі де Қызылорда қаласының 1962,1980, 1994 жылғы тұрғындары.Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы қойылды.Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Ауру ошағында мамандармен індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырылып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда. 10.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын 229 адам жұқтырған. Оның ішінде емделіп шыққандар саны — 156.