Облыстың бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтің айтуынша, 11 мамырда Атырау қаласында карантин режимі толықтай сақталады.
Облыс орталығының периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттер жұмыс істеуін жалғастырады. Бұрын қабылданған кіріп-шығу ережелері сақталып, жұмысқа бару рұқсат алған кәсіпорындарға ғана жіберіледі.
Бас санитарлық дәрігер тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантин ережелерін сақтауды жалғастыруға шақырды. Атырау қаласына кіріп-шығатын төрт бағытына 4 блок-бекет қойылған еді.
Сондай-ақ, Атырау қалалық әкімдігі қоғамдық көліктердің қозғалысы туралы ақпарат таратты. Қоғамдық көліктер бүгін, 11 мамырдан бастап сағат 17:00-20:00 аралығында 26 бағытта жолаушы тасымалдайды.
Ал 12 мамырдан қоғамдық көліктер таңғы сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін, кешкі сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін жүреді.
Атырау облысы