Кения қауіпсіздік күштері ел астанасы Найроби қаласындағы сауда орталығын күшпен ұстап тұрған содырлардан кепілдікке алынғандардың аман-есен қалғандарын құтқарды. 15 шақты содырдың екі-үшеуінен басқасының бәрінің көзі жойылды. Содырлардың арасында шетелдіктер, оның ішінде америкалықтар да болған көрінеді. Ал кепілдікке алынғандардан 69 адам қаза тапқан.
Кения қауіпсіздік күштері ел астанасы Найроби қаласындағы сауда орталығын күшпен ұстап тұрған содырлардан кепілдікке алынғандардың аман-есен қалғандарын құтқарды. 15 шақты содырдың екі-үшеуінен басқасының бәрінің көзі жойылды. Содырлардың арасында шетелдіктер, оның ішінде америкалықтар да болған көрінеді. Ал кепілдікке алынғандардан 69 адам қаза тапқан.
Ирак астанасы Бағдад қаласының сүнниттер көп тұратын ауданында жанкешті өзін өзі жарып жіберді. Лаңкестік салдарынан 16 адам көз жұмса, 30-ы жараланды. Өткен сенбі күні лаңкестердің қолынан 73 адам қаза тапқан еді. Ал шииттер тұратын ел астанасы маңындағы Мадинат-Садр қаласында ғана 65 адам жарып жіберілген болатын.
Мексикаға лап қойған «Ингрид» тропикалық штормы мен «Мануэль» дауылы салдарынан қаза тапқандар саны 115 адамға жетті. Бұл соңғы мәлімет емес. Ел президенті Энрике Пенья Ньетоның айтуынша, құрбандықтар саны арта түсуі ықтимал. Кедейлер басым тұратын Акапулько ауданында 23 мың үй электр қуатынсыз және сусыз қалған.
Шығыс Грузияда жауған нөсер жаңбырдан Телав, Ахмет және Кварель аудандары топан су астында қалды. Өзен арнасынан шыққан қарғын су қалалар мен ауылдарды, жолдарды шайып кетті. Көптеген жергілікті тұрғындар егінсіз және малсыз қалды.
Иранда тырысқақ ауруына шалдыққан 170 адам анықталды. Иран денсаулық сақтау министрлігі басқарма басшысының орынбасары Махмұд Набавидің айтуынша, сырқаттарға қатысты қажетті шаралар қабылданған. Дерт меңдеген 170 адамның 144-і Ауғанстаннан, 25-і Пәкстаннан келгендер көрінеді. 25-і Иран азаматтары екен.
Грекияда кәсіподақтардың ұйымдастыруымен жаппай ереуілдер қайтадан жалғасып жатыр. Көшеге шыққандар Грекия үкіметінің қатаң реформа саясатына наразылық білдіруде. Ел үкіметі миллиардтаған несие алу үшін қатаң саясат ұстануға мәжбүр болып отыр. Сөйтіп, бюджеттің қысқаруы, жұмыстан босатулар, өмір деңгейінің төмендеуі жаппай наразылықтар мен ереуілдер туындатуда.
Камбоджаның оппозициялық «Ұлттық құтқару партиясы» парламенттің кезекті сессиясының ашылуына бойкот жариялады. Олар іс басындағы премьер-министр Хун Сеннің заңды үкімет басшысы емес екенін танудан бас тартылуына байланысты қарсылық білдіруде.
Ресейдің Краснодар өлкесінде Су-25 әскери ұшағы апатқа ұшырады. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, ұшқыш қаза тапқан. Апат себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып отыр.
«Минск – Мәскеу» бағытындағы №26 жолаушылар пойызы Белоруссияның Витебск облысындағы Дубровен ауданында 52 сиырды басып кеткен. Табында барлығы 164 мүйізді ірі қара болған көрінеді. Ал пойыз кестеден бір сағатқа кешіккен. Келтірілген зиян көлемі анықталуда.
Ақпарат агенттіктері
материалдары негізінде әзірленді.