• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Қыркүйек, 2013

Талапкер құқы қорғалды

290 рет
көрсетілді

Жақында Жоғарғы Сот ссудалық шотты жүргізгені үшін ай сайынғы комиссияны төлеу міндеті туралы шарттың талаптарын жарамсыз деп тану туралы талап қоюшы мен қазақстандық банктердің бірінің арасындағы дауды қарады. Іс материалына сәйкес, банк және заемшы арасында 30 000 АҚШ долларына кредиттік шарт жасалған. Кейін қосымша келісімге сәйкес кредиттік лимит 49520 долларға дейін көбейген.

 

Жақында Жоғарғы Сот ссудалық шотты жүргізгені үшін ай сайынғы комиссияны төлеу міндеті туралы шарттың талаптарын жарамсыз деп тану туралы талап қоюшы мен қазақстандық банктердің бірінің арасындағы дауды қарады. Іс материалына сәйкес, банк және заемшы арасында 30 000 АҚШ долларына кредиттік шарт жасалған. Кейін қосымша келісімге сәйкес кредиттік лимит 49520 долларға дейін көбейген.

Осы қосымша келісімінде заемшы ссуда шотын жүргізгені үшін банкке сомасы 117 доллар ай сайынғы комиссияны тө­­леу мін­дет­телгендігі жөнінде тармағы көр­се­тілген. Талапкер төлемдерді алғаны үшін дау­лас­қан. Бірақ бірінші сатыдағы сот оның осы шарт­та көзделген талаптарымен келі­сіп, оған қол қойғандығын дәлелдеме ретін­де кел­тіріп, оның талап-арызынан бас тарт­қан. Осы шешіммен апелляциялық сот алқа­сы да ке­ліскен. Алайда, кассациялық сот ал­қа­сы банк клиентінің талап-арызын қанағат­тан­дырған.

«Ақша аудару және төлемдер туралы» заңға сәйкес, банк шоты, бұл банк пен клиенттің арасындағы ақша қабылдау жө­нін­дегі және (немесе) банкттің клиентке қыз­мет көрсету шартының көрінісі болып табы­лады. Есепшот банктегі бухгалтерлік есеп­тің көрінісі, жеке шот (субпозиции) ба­ланстық шоттың құрамдас бөлігі болып табылады, сондай-ақ, ссуда шоты есеп айырысу операцияларына жатпайды. Осы­ған сәйкес, ссуда шотын ашу және енгізу заем­шы­ларға емес, тек еліміздің екінші дәрежелі банк­тердің Ұлттық банкінің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі болып табылады. Ссу­да шоты бухгалтерлік есептің, ақшалай қаражаттың көрінісі болып табылады және заемшының ссуда шоты бойынша қарыз екендігін білдіруге арналған. Банк заңгерлері осы соттың шешімімен келіспей, Жоғарғы Сотқа жүгінген.

Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы кассациялық сот алқасының Ұлттық Банктің 2012 жылғы 9 ақпандағы хатымен сай келетіндігін анық­тады, онда өзара қарым-қатынас бойынша комиссия заемшыларының ссуда шотын жүргізуді заңсыз деп бағалаған және же­дел қысқартуға жататынын көрсеткен. Жо­ға­рыда баяндалғандардың негізінде, Жоғар­ғы Соттың қадағалаушы сот алқасы касса­циялық сот алқасының қаулысын заңды және негізді дей отырып, оның күшін жоюға және банктің өтінішін қанағаттандыруға негіз жоқ екендігіне қаулы етті, деп хабарлады Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар