• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2020

Деструктивті діни ағым туралы әдебиет әкелген ұсталды

155 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында діни тәртіпті бұзуға жол берген 5 оқиға бойынша әкімшілік заңнама бұзушылық анықталды.

Олардың басым бөлігі Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің әлеуметтік желілерді және басқа да интернет-ресурстарды тексеру кезінде табылды.

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы басылымдарды сатуға жеке құқы бар заңды түрде кітап сататын орындарға ғана рұқсат етілген. Осыған қарамастан оларды интернет-ресурстар арқылы сату фактілері кездеседі. Діни әдебиетті және діни мақсаттағы өзге де материалдарды, заттарды әкелгені немесе таратқаны үшін  Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 490-бабымен жеке тұлғаларға 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, заңды тұлғаларға – 200 АЕК көлемінде айыппұл салу көзделген», - дейді экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция майоры Руслан Мұхамбетжанов.

Ұсталғандар туралы айтсақ, Мамлют қаласының 31 жасар тұрғыны «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы діни мазмұндағы аудио және бейне файлдарды таратқан. Аталған факті полицейлердің әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықталған. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 120 мың теңге айыппұл төледі. Петропавл қаласының екі тұрғыны да «OLX» сайтында діни мазмұндағы басылымдар сатпақшы болған, бұл да әкімшілік заңнама бұзушылығы болып табылады. Аталған фактілер бойынша әкімшілік материалдар жиналған. Сондай-ақ, Қырғызстанға транзитпен кетіп бара жатқан 35 жасар адамның заттарының арасынан «Таблиғи Джамагат» атты деструктивті діни ағымының әдебиеттері шыққан. Бұларды Қазақстан аумағында  таратуға, әкелуге және басып шығаруға тыйым салынғандықтан 200 мың теңге айыппұл салынды.

 

ПЕТРОПАВЛ