Бүгін Алматы облысында 7 адамнан коронавирус анықталды. Індет жұқтырған 1 науқас Талдықорған қаласының және 6 науқас Кеген ауданының тұрғындары екен.
Анықталған 7 науқастың алтауы бұған дейін ауырған адаммен белсенді қарым-қатынаста болса, 1 науқас өщін нашар сезініп, дәрігерге жүгінген.
- ПТР-талдау нәтижелері бойынша науқастардан COVID-19 диагнозы анықталды. Ауырған адамдар алдын ала оқшауланып, қазіргі уақытта Еңбекшіқазақ ауданаралық көп салалы ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Қарым-қатынаста болған азаматтар анықталып оқшауланады және КВИ-ға зертханалық зерттеуден өтеді. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда. – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі .
Жалпы, осы сәтке дейінгі мәлімет бойынша Алматы облысында COVID-19 инфекциясының жұқтыру дерегі 190 адамға жетті.