• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Мамыр, 2020

Семей: Қоғамдық көлікте жолаушылар әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс

424 рет
көрсетілді

Семей қаласында қоғамдық көлікке санитарлық нормалар сақталған жағдайда ғана мінуге болады. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады. 

Жаңа қауіпсіздік талаптары Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес енгізілді. Осылайша, автобустарда жолаушыларды отырғызу орындарының саны бойынша және жеке қорғану құралдары болғанда ғана тасымалдауға рұқсат етіледі. Көлікте тұрып тұрған жолаушылар әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс.Саяжай маусымының басталуына байланысты қала маңындағы маршруттар көбірек жүре бастады. Мұнда жолаушыларға қойылатын талаптар: әрбір жолаушы арасындағы қашықтық – 1 метр, және міндетті түрде маска кию. Санитарлық шаралардың сақталуын жүргізушілер мен кондукторлар қадағалайды.