• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Мамыр, 2020

Бас мүфти мешіттерде жеке намаз оқуға қойылатын талаптарды айтты

239 рет
көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы карантинге байланысты мешіттерде жеке намаз оқуға қойылатын талаптарды айтты.

«Елімізде төтенше жағдай мерзімі аяқталып, халқымыз қалыпты өмір тіршілігіне ауыса бастады. Алайда карантин режимінің талаптарын қатаң сақтап, сақтық шараларына аса мән беруіміз қажет.

Осы ретте, келесідей талаптарды орындауға шақырамын:

- мешітке келуші барша жамағатты медициналық маска және қолғап киіп келуге; 

- антисептик құрылғысын жиі қолдануға; 

- жеке құлшылық жасау кезінде бір жарым метр арақашықтықты сақтауға;

- Құран оқитын бөлмеге бір жарым метр арақашықтықты сақтай отырып, 10 адамнан артық кірмеуге;

- неке қидыратын бөлмеге 4 адамнан артық кірмеуге

Мешіт имамдарының кеңесіне құлақ асып, мешітке лек-легімен кезекпен кіруге, мешітте 15 минуттан артық болмауға үндеймін. Бұл мешіт ауасын әр 3 сағат сайын таза ауамен алмастырып отыруға мүмкіндік береді. 

Осы ретте биыл Қадір түні мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп отыр, бұл түнді үйде қарсы алу қажеттігін баса айтқым келеді. Жоғарыда атап өткенімдей, елімізде төтенше жағдай мерзімі аяқталғанымен, жұқпалы індеттің қаупі толық сейілген жоқ» деді ол.