• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Технология 17 Мамыр, 2020

Қ.Есекеев интернет қашан барлық ауылға жететінін айтты

238 рет
көрсетілді

Кең жолақты жүйрік интернет бүкіл ауылға қашан толықтай жетеді? «Қазақтелеком» компаниясының басшысы Қуанышбек Есекеев осы сауалға жауап берді.

– 2018 жылы ТОБЖ (талшықты оптикалық байланыс желісі) жобасы басталғанға дейін елімізде 1200 елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосылған болатын. Қазіргі жоба жүзеге асырылғаннан кейін, 2020 жылдың аяғында олардың саны 2000-ға жетеді. Одан бөлек, LTE800 стандартты станцияларының желісіне қосылу арқылы, халқы кемінде 250 адамнан тұратын үш жарым мыңға жуық ауыл радиосигналмен қамтылады. Ал елімізде барлығы 6 мың ауыл бар екенін ескерсек, біз бүкіл ауылды 100 пайызға дерлік интернетпен қамту туралы айтып отырмыз. Тек халқы 100 адамнан кем өте кішкентай елді мекендер ғана қамтылмай қалады, - деді ол.