Биыл 100 жылдық мерейтойын бүкіл қазақ даласы кеңінен атап өтіп жатқан Мұқан Төлебаев есімі еліміздің музыка өнері тарихында аса көрнекті композитор, қайталанбас ерекше дарын иесі ретінде есте қалғаны мәлім. Оның бойындағы қасиеттің қай-қайсысына да бүгін жеке-жеке тоқталып, рухына иіліп тағзым ету ұстаз алдындағы бәріміздің ортақ парызымыз бен адалдығымыз болып саналады. Менің де қолыма алып, өткен белестердегі ағаға деген сағыныш пен сүйіспеншілікті, жүрекжарды лебізді ақтаруыма бүгінгі ел-жұртының осынау ақ, адал пейілі әсер етіп отыр.
Биыл 100 жылдық мерейтойын бүкіл қазақ даласы кеңінен атап өтіп жатқан Мұқан Төлебаев есімі еліміздің музыка өнері тарихында аса көрнекті композитор, қайталанбас ерекше дарын иесі ретінде есте қалғаны мәлім. Оның бойындағы қасиеттің қай-қайсысына да бүгін жеке-жеке тоқталып, рухына иіліп тағзым ету ұстаз алдындағы бәріміздің ортақ парызымыз бен адалдығымыз болып саналады. Менің де қолыма алып, өткен белестердегі ағаға деген сағыныш пен сүйіспеншілікті, жүрекжарды лебізді ақтаруыма бүгінгі ел-жұртының осынау ақ, адал пейілі әсер етіп отыр.
Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің негізін қалаған аға буын композиторлар Е.Брусиловский, А.Жұбанов, Л.Хамидилермен біте қайнасып, рухани жағынан бір-бірін байытып, толықтыруы ХХ ғасыр мәдениетіне небір ғажайып, інжу-маржан дүниелердің келіп қосылуына ықпал еткені өз алдына бөлек әңгіме. Мысалы, қазақ ұлттық музыка мәдениетіндегі классикалық кезеңнің А.Жұбанов пен Л.Хамидидің сол кездегі «Абай» операсынан, болмаса Е.Брусиловскийдің «Сарыарқа» симфониясындағы «Балбырауын» мен М.Төлебаев шығармаларынан бастау алуының өзі не тұрады? Ұлттық классикамызға жататын «Біржан-Сара» операсы, «Коммунизм оттары» кантатасы, оркестр мен скрипкаға арнаған поэмасы, «Қазақстан» симфониялық поэмасы, сонымен қатар басқа да әндері мен романстары музыка мәдениетінің барлық деңгейдегі талаптарына жауап бере алуымен құнды болып есептеледі. Саңлақ суреткердің жоғары сапалы көркем шығармалары әр алуан формасымен, стиль ерекшелігімен, тереңдігімен, мазмұндылығымен дара тұратыны тағы ақиқат.
Мұқанның өнерге деген құштарлығын оятып, қалыптастыруға ол өскен ортаның әжептәуір әсер еткенін қолымыздағы барлық дәйек дәл нақтылайды. Өсу-толысуына куә жер жәннаты Жетісудың өзі халықтық музыканың тұнып тұрған мекені десек, сондай керемет топырақтың қасиетіне қанып өскен өрен жастықтың жайлауына небір жауһар да жасампаз өнерді қондыра білді. Поэзияға, ән мен әуенге құштарлық, суырып-салмалық келешек арнаны айнадай таза етумен бірге, төл айдынға музыкалық дарын мен ақындықты қатар құйды. Ұлт композиторлары арасында алғаш жоғары кәсіби музыкалық білім алған адам ретінде шығармашылықтың алдыңғы легінде тұратын композитор соғысқа дейін Мәскеудегі Қазақ студиясында оқып, мұны аяқтағаннан кейін П.Чайковский атындағы консерваторияның композиторлық бөлімінде Б.Шехтер, Р.Глиэр мен Н.Мясковский сияқты танымал тұлғалардан тәлім алды. Екінші дүниежүзілік соғыс тұсында «Тос мені, тос», «Кестелі орамал» ән-романстары мен оркестр мен скрипкаға арналған поэмасы ел арасына кеңінен тараса, мұнан кейін Е.Брусиловскиймен тығыз шығармашылық байланыста болуының нәтижесінде тамаша туындылар дүниеге келді. Екеуінің 1945 жылы бірігіп жазған «Амангелді» операсы мен бір жылдан кейінгі өзінің әйгілі «Біржан-Сара» операсы арқылы қазақ ұлттық опера өнерінің шыңына табан тірей алды.
Жоғарыда аталған әндері мен шығармаларынан Мұқанның тамыры үзілмеген халықтық сазды еуропалық классикамен шебер біріктіріп, тонның ішкі бауындай үйлестіре білген биік үнін танимыз. «Біржан-Сара» бүгінде тек қазақ музыка мәдениетіндегі соны құбылыс емес, сонымен қатар әлемдік өркениетке қосылған зор табыс болып табылады. Терең арналы сахналық полотноның ұлттық классикамыздағы бояуы қанық, болмысы анық, бірден-бір төл туындыға айналуы Мұқан үнінің үзілмей, бүгінгі ұрпақ арманымен ұштасып жатқанын аңғартады. Әсіресе, мұнда халықтың тыныс-тіршілігіндегі өзгерістер шынайы бейнелермен, суреттермен тұшымды өріліп, операның либреттосын жазған академик Қажым Жұмалиевтің тілімен айтқанда: «...Мұқан кейінгі ұрпаққа өлместік мұр