• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Мамыр, 2020

Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Роман Василенко Юрай Бланармен кездесті

125 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Словакия арасындағы парламентаралыұ байланыстарды нығайту және одан әрі дамыту зор әлеуетке ие және үлкен өзара қызығушылық туғызады. Бұл туралы 2020 жылғы 15 мамырда болып өткен Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Роман Василенконың СР Ұлттық кеңесі Халықаралық істер комитетінің төрағасы Юрай Бланармен кездесуінде айтылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Р. Василенко мен Ю. Бланар Қазақстан мен Словакия арасында ұқсастықтардың көп екенін атап өтті. Екі ел де отыз жылдан кем уақыт бұрын тек бір жыл айырмашылықпен өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазір ұқсас сын-тегеуріндер жағдаятында егеменді мемлекет және нарықтық экономика құруда. Екі елдің де теңізге шығар жолы жоқ, екеуі де көпұлтты. Осындай жағдайда және сақталып келетін көптеген проблемаларға қарамастан, екі мемлекет те өздерін қарқынды дамып келе жатқан еркін және тәуелсіз елдер ретінде таныта білді

Орталық және Шығыс Еуропадағы және Еуропалық Одақтағы басты және болашағы зор әріптестерінің бірі болып табылатын Словакиямен өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыту Қазақстан үшін маңызды болып табылатынын және парламентаралық қатынастарды нығайту ең маңызды бағыттардың бірі болып табылатынын Елші ерекше атап өтті. 

Сұхбаттастар екіжақты қатынастар болашағының едәуір кеңейгенін атап өтті, соның ішінде ү.ж. 1 наурызда күшіне енген, өзара іс-қимылдың 29 саласын қамтитын Қазақстан мен Еуропалық Одақ және мүше-мемлекеттер арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде.

Екіжақты өзара іс-қимылдың ең келешекті салаларын талқылай келе, сұхбаттасушылар машина жасау, соның ішінде автомобиль жасау, қорғаныс өнеркәсібі, инжиниринг, энергетика, IT, фармацевтиканы ерекше атап өтті, сонымен қатар постпандемиялық жағдайда екі елдің кәсіпкерлеріне барынша қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте бүгін Қазақстанда словак капиталының үлесімен 40 жуық компания қызмет етуде.

Осы мәнмәтінде, Р. Василенко коронавирустың таралуына қарсы Словакияның күш-жігерін жоғары бағалады, соның арқасында бұл ел пандемияны тежеу тәжірибесі бойынша Еуропадағы көшбасшы болып табылады (жалпы, мұнда 1500-ден аз жұқтырғандар анықталды, олардың 1200-ге жуығы емделіп, 28-і қайтыс болды, бұл Еуропадағы халықтың пайыздық көрсеткіші бойынша ең төмен көрсеткіш). Сондай-ақ, Елші пандемияға қарсы Қазақстанда қабылданған тиімді шаралар туралы сұхбаттасына ақпарат берді.

Өз кезегінде Ю. Бланар ү.ж. ақпандағы сайлау қорытындысы бойынша құрылған Словакия парламенті жаңа құрамының басымдылықтары, сонымен қатар басқаратын Комитеттің қызметі туралы айтып берді. Өткен жылдардағы парламентаралық қатынастардың оң серпінін, соның ішінде СР Ұлттық кеңесі төрағасының өткен жылғы қыркүйектегі Қазақстанға сапарын атап өтіп, сұхбаттастар жаңа кезеңде оны жалғастыру және арттыру мүмкіндіктерін талқылады. Бұл мәнмәтінде екі елдің парламенттеріндегі достық топтарының қызметінің маңыздылығы атап өтілді, бұл ретте СР Ұлттық кеңесіндегі достық тобының құрылуы қазір аяқталу кезеңінде.

Тараптар жалпы парламентаралық байланыстарды дамытуға, елдеріміздің экономикалары үшін пандемияның салдарын еңсеруге мүмкіндік туғызатын өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін жасау мақсатында екіжақты сапарларды жалғастыруға қызығушылық танытты.