• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Қыркүйек, 2013

Сертификаттаудың жаңа жүйесі

643 рет
көрсетілді

Оның ерекшеліктері неде?

Рынокты жаһандандыру жағдайында сапаны басқарудың инновациялық үлгілеріне үлкен мән беріліп, қойылған міндеттерді шешуде адам ресурстары ерекше маңызға ие болып отыр. Америка экономисі Лестер Туроу білімді де білікті қызметкерлер XXI ғасырда бәсекелестіктің күрес құралы болып отырғандығын атап көрсетеді. Зияткерлік күш жаңа технологиялар мен инновациялар құрап, тек білікті қызметкер ғана жаңа өнім мен технологияны қолдануға мүмкіндік беретін күшке айналады, осы үлгімен білікті қызметкер бәсекелестер алдында жалғыз артықшылыққа ие болады.

 

Оның ерекшеліктері неде?

Рынокты жаһандандыру жағдайында сапаны басқарудың инновациялық үлгілеріне үлкен мән беріліп, қойылған міндеттерді шешуде адам ресурстары ерекше маңызға ие болып отыр. Америка экономисі Лестер Туроу білімді де білікті қызметкерлер XXI ғасырда бәсекелестіктің күрес құралы болып отырғандығын атап көрсетеді. Зияткерлік күш жаңа технологиялар мен инновациялар құрап, тек білікті қызметкер ғана жаңа өнім мен технологияны қолдануға мүмкіндік беретін күшке айналады, осы үлгімен білікті қызметкер бәсекелестер алдында жалғыз артықшылыққа ие болады.

Қазіргі қоғам қызметкерлердің бәсекеге қабілеттілігі үшін сапалы білім ғана емес, кәсіби біліктіліктің кәсіби жүйе талаптарына сәйкестігін кезеңді түрде растау қажеттігін түсінетін кез келді. Бұл жағдайда мемлекет бір уақытта білім беру қызметі мен оның сапасын бағалауға қатыспауы керек. Біліктілікті бағалаумен ИСО/МЭК 17024 халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес қызметкерлерді сертификаттау бойынша арнайы аккредиттелген тәуелсіз органдар айналысуы керек.

Жаңа сертификаттау кестелерін дамыту – технологиялық инновациялардың және маман­дардың кәсіби деңгейінің өсуіне, осы үлгімен әлемдік жұмыспен қамту рыногының дамуына көмектесетін болады. Менеджмент жүйелерін немесе өнімді сертификаттау бойынша органдарға ұқсас сәйкестікті бағалау жөніндегі өзге органдарға қарағанда персоналды сертификаттау бойынша орган қыз­­­ме­тінің бірі құзыреттік пен бағалаудың объек­тивті өлшемдерін пайдаланып емтихан өткізу болып табылады. Қалай десек те, бұл стан­дарт кестелердің сертификаттау схемаларын ұлттық және халықаралық деңгейде қабыл­дануын алға жылжыту мақсатында сертификаттау жөніндегі органдар мен олардың сертификаттау кестелері үшін негіз бола алады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жол­дауында 2013 жылдан бастап халық­ара­лық үлгідегі сертификат тағайындау мен техникалық білім беру жүйесін дамытуды қамтамасыз ету міндетін алға қойды. Ағымдағы жағдайды талдау нәтижесінде, қазіргі уақытта Қазақстанда мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау кезінде қажетті біліктілік талаптарынан тұратын кәсіби стандарттар жоқ екендігі анықталды. Президенттің салалық министрліктер мен ведомстволарға берген тапсырмасын іске асыру шеңберінде қауымдастықтардың қатысуымен сертификаттауға арналған кәсі­би кестелерді әзірлеу белсенді қолға алынды. Яғни қандай да бір қызметкерлерді баға­лау үшін әр сала бойынша өздерінің сертификаттау кестелері әзірленіп, бекітілуі керек.

Мемлекетіміздің СТ 17024 ұлттық стандартын 2012 жылғы желтоқсан айында Техникалық реттеу және метрология комитеті бекітті, ол 2014 жылғы қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Осы орайда жеке қызметкерлерді сертификаттау персоналды аттестаттаудан несімен ерекшеленеді? Аттестаттау бұрыннан бар және бүгінгі таңда ол көп жағдайда жұмыс берушілер үшін оның көмегімен қажетсіз қызметкерін жұмыстан шығаратын тетікке айналған. Персоналды аттестаттау субъективті өтеді, себебі персоналды маманның жетістіктері немесе кемшіліктері туралы қалыптасқан пікірге ие кәсіпорын басшысы тікелей бағалайды, бұдан басқа аттестаттау міндетті талап болып табылады. Аттестаттау мақсаты – жұмыскердің атқаратын лауазымына сәйкестігін тексеру арқылы оның біліктілігін анықтау. Сертификаттау мақсаты – маманның қызметтің белгілі бір саласында нақты іс-әрекетті тиісті үлгіде жүзеге асыру мүмкіндіктерін анықтау және оның белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін оның даярлығын, кәсіби білім деңгейін, дағдысы мен тәжірибесін белгілеу.

Сертификаттау жөніндегі тапсырманы сол саладағы, бірақ біліктілігі жоғары маман бекітілген кесте негізінде өткізетін болады. Сертификат беру туралы қорытынды шешімді персоналды серт ификаттау жөніндегі органның сарапшы-аудиторы қабылдайды. Персоналды сертификаттау – сәйкестікті бағалау саласындағы жаңа бағыт.

Еліміздегі сертификаттау орталықтарына қойылатын талаптарды түсіндіру мақсатында персоналды сертификаттау жөніндегі Америка стандарттар институтының (ANSI) аға директоры Рой Свифт пен ИСО/МЭК 17024-2012 халықаралық стандартын әзірлеу бойынша ИСО жұмыс тобының басшысы Синтия Вудлидің қатысуымен мүдделі тарап өкілдері үшін семинарлар өткізілді. Пікірталас барысында семинарға қатысушылар персоналды сертификаттау бойынша стандарт талаптарын терең зерттеу қажеттігін түсінді. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даяр­лау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидасында персоналды сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудитор атты жаңа бағыт қосылды.

Осы шаралар қорытындысында персоналды сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау бағдарламасы бекітілді. Оларды оқыту Стандарттау институтының оқу орталығының негізінде жүргізіледі. Үстіміздегі жылдың ақпан айында тыңдаушылардың бірінші тобын оқыту өткізілді. 17024 стандарты персоналды сертификаттау жөніндегі органға өте күрделі талаптар қояды.

Сертификаттау жөніндегі орган әділдікті ұстану және сертификаттау бойынша жұмыс әділ жүзеге асырылуы мақсатында өзінің құрылымын, саясаты мен процедураларын құжаттауы керек. Сертификаттау жөніндегі орган сертификаттау, мүдделер қақтығысын басқару бойынша өз қызметін жүзеге асыру кезінде әділдіктің маңыздылығын түсінетіндігін және сертификаттау бойынша өз қызметінің объективтілігіне кепілдік беретіндігіне дәлел ретінде өтінімсіз қолжетімді өтінім беруі керек.

Сертификаттау жөніндегі орган мүдделі тұлғалардың орган құзыреттігіне, әділдігі мен толық жұмыс істейтіндігіне сенімді болатындай үлгіде әрекет етуі керек. Бұдан басқа ол құпиялылық пен жариялылық арасында теңгерімді қамтамасыз етуі, шағымдардың объективті қарастырылуын қамтамасыз етуі және сертификаттау бойынша шешімдер қабылдауға жауаптылық белгілеуі керек. Персонал бойынша стандарт сақталуына қолдау көрсетіп, сапа менеджменті жүйесін белгілеуі, құжаттауы, енгізуі және пайдалануы керек. Сертификаттаудың әр санаты сертификаттау саласынан, жұмыс пен тапсырманы сипаттаудан, талап етілетін құзыреттік, мүмкіндік, қалып кодексінен тұратын сертификаттау жүйесінен құралады. Сертификаттау жөніндегі орган сертификаттау схемасына сәйкес арнайы әдістер мен бағалау тетіктерін пайдалануы керек. Сертификаттау туралы шешімді сертификаттау үдерісі барысында алынған ақпарат негізінде сертификаттау жөніндегі орган ғана қабылдайды. Сертификаттау туралы шешім қабылдайтын персонал кандидатты дайындау мен оқытуға қатыспауы керек. Барлық кәсіп өкілдері сертификатталуға жатады.

Сонымен жеке қызметкерлерді сертификаттау өтінім берушіге не береді? Қызметкер үшін бұл оның кәсібилігінің құжатталып ресімделген куәлігі, бұл өзінің дайындық сапасы мен қызметтік саты бойынша көтерілуін есепке алып жұмысқа тұру мүмкіндіктерін арттырады. Бұдан басқа қызметкер орындайтын барлық операциялардың сапасы мен сенімділігін растайды, ал бұл сертификат иесіне сенім мен құрметті арттырады.

Жұмыс берушілер үшін жеке қызметкерлерді сертификаттау бәрінен бұрын кәсіпорын имиджі мен бәсекеге қабілеттігін арттыруға, халықаралық рынок талаптарын орындап, еңбек сапасына сенімділік береді. Бұл – бизнес үшін серіктестеріне өзінің сенімділігін дәлелдеу, инвестициялау кезінде басымдыққа ие болу немесе өз өніміне негізделген баға талап ету мүмкіндігі. Мұның сыртында басшылар осы үлгімен өз қызметкерлерінің даярлық сапасын, құзыреттілік деңгейін, кәсіби жарамдығын шынайы бағалап, олардың одан әрі кәсіби өсуін ынталандыруға мүмкіндік алады.

Серік ҚҰРМАНҒАЛИЕВ,

ИЖТМ Техникалық реттеу жәнеметрология

комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС

бас директорының бірінші орынбасары.

Соңғы жаңалықтар