• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Қыркүйек, 2013

Мал тоқ болса,өнім көп болады

276 рет
көрсетілді

Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан әлемдік азық-түлік рыногында көшбасшы болуы керек, ол үшін жаңа технологияларды қолданудың арқасында егіс өнімділігін еселеп арттырып, әлемдік деңгейге сай келетін мал шаруашылығына мал азығының берік қорын жасақтау керек, деп айтылған.

Осы орайда, Үкімет тарапынан мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестік қабілеттілігін және оның экспорттық әлеуетін арттыруға баса назар аударылып отыр. Осы мақсатқа жетудің бірден-бір жолы тұрақты мал азығы қорын қалыптастыру болып табылады.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан әлемдік азық-түлік рыногында көшбасшы болуы керек, ол үшін жаңа технологияларды қолданудың арқасында егіс өнімділігін еселеп арттырып, әлемдік деңгейге сай келетін мал шаруашылығына мал азығының берік қорын жасақтау керек, деп айтылған.

Осы орайда, Үкімет тарапынан мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестік қабілеттілігін және оның экспорттық әлеуетін арттыруға баса назар аударылып отыр. Осы мақсатқа жетудің бірден-бір жолы тұрақты мал азығы қорын қалыптастыру болып табылады.

Бүгінде мал азығын өндіру саласында қалыптасқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, шалғай жатқан жайылымдардың тиімді пайдаланылмауы, негізгі мал басының жеке қосалқы шаруа­­­­шылықта шоғырлануына байланыс­ты елді мекендер маңайындағы жайылымдардың тозуы, орта және ұсақ шаруа қожалықтарында ескі техниканы қолдану, көп-   жылдық мал азығы дақылдары егістерінің аз болуы және тұқым шаруашылығының дамымауы. Аталған факторлар бүгінгі таңда тез арада шешімін табуды қажет ететін мәселелер және тікелей өнді­рісті жүзеге асыруға негіз болады.

Осы ретте, Үкімет тарапынан мал азығын өндіру саласын да­мытуға жыл сайын қолдау көр­се­­­­тіліп келеді. Мәселен, 2013 жылы жемшөп дақылы өндірісін субси­диялауға 1,3 млрд. теңгеден аса қар­жы қарастырылды, ол 2012 жы­­­­­лмен салыстырғанда 2,3 есеге көп.

2012 жылғы қуаңшылыққа байланысты Қазақстан Респуб­­­ликасының экономикасын жаң­­ғырту мәселелері жөнін­­­­­де­гі мем­лекеттік комиссия респуб­­ликадағы құс және шошқа ша­­руашылықтарын жеммен қам­та­масыз ету үшін 311,7 мың тон­на жемдік астық бөліп, мал ша­руашылығы өнімдерінің өнді­рі­сінің дамуын қамтамасыз етті.

Қуаңшылықтан зардап шеккен шаруа қожалықтарындағы мал басының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет резервінен 1,5 млрд. теңге бөлінді. Респуб­лика­дағы ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне және шаруа­шылықтарға 227,4 мың тонна кебек бөлінді.

Жайылымдарды тиімді пайдалану және тұрақты шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту бағытында соңғы жылдары Ауыл шаруашылығы және Қоршаған ортаны қорғау министрліктері мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы бірлесіп «Шөлейт жерлерді басқару» бойын­ша жобаны Қарағанды және Алматы об­лыс­­тарында жүзеге асырды. Жоба­ны жүзеге асыру нәтижесінде ай­мақта тұрақты мал азығы қо­рын жасақтау және мал азығы дақыл­дарының егісін арттыруға қол жеткізілді.

Мал азығы саласының қар­қын­­ды дамуына негіз болатын алғы­шарт­тар ретінде Ауыл ша­руа­шы­лығы министрлігі тарапы­нан республикада мал азығы саласын 2020 жылға дейін дамыту­ды көздейтін шеберлік-жоспар әзір­ленді.

Бұл құжаттың негізгі мақ­са­ты 2020 жылға мал азығы дақыл­дары­ның егіс көлемін 4,3 млн. гектарға жеткізу, оның ішінде сүрлем кө­лемін 245,0 мың гектарға немесе қазіргі кезбен салыстырғанда 89%-ға, ал бір жылдық шөптің көле­мін 600,0 мың гектарға (33%), көп­жыл­­­дық шөптің көлемін 3,5 млн. гек­­тарға (43%) арттыру көзделіп отыр.

Саланы жедел дамыту­дың не­гізгі шаралары «Агро­биз­­нес-2020» бағдар­лама­сында көз­дел­ген мем­ле­кеттік қолдау бағыт­тары болмақ. Мәселен, 2014 жылдан бастап орта және шағын фермерлерге сатып алған жем азық өндіру техникаларының құнын ішінара өтеуге инвестициялық субсидиялар бөлінеді. Сонымен қатар, техниканы сатып алу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін несиенің үстеме пайызының жартысы мемлекет тарапынан өтелмек.

Министрлік шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту аясында жайылымдарды суландыруға және инфрақұрылымды дамытуға жұмсалған шығынның, оның ішінде құдық қазу, су көтеру құрыл­ғы ларын, жылжымалы су тасымалдау құралдарын орнат­қаны үшін 80%-ға дейін өтеуді қарастырып отыр. Жалпы, бағдарлама аясында 4 мың құ­дық­ты салу арқылы қосымша пайдаланылмайтын жайылым алқаптары қолданысқа енгізілетін болады. Бұл бағдарлама аясында 2013 жылы жүзеге асырылған жобаларды да қаржыландыру мәселесі қарастырылатын болады.

Мұнымен бірге, шаруа қожа­лықтарын және жеке шаруа­шы­­лықтардағы мал басын сапалы мал азығымен қамтамасыз ету үшін негізгі аймақтарда құрама жем өндіру кәсіпорындарын салуды ынталандыру шаралары көзделіп отыр. Кішігірім және ірі құс, сондай-ақ шошқа шаруашылықтары үшін жемдік астықты сақтау қоймаларын салу шығындарын өтеу де көзделген. «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында қарастырылып отырған осы шаралар мал азығын өндіру саласын жедел дамытуға негіз болмақ.

Гүлмира ИСАЕВА,

Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Соңғы жаңалықтар