• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Қыркүйек, 2013

Қыс шанаңды жаз сайла

705 рет
көрсетілді

Тамызда басталған жауын-шашын ара-тұра ашылғанымен, бұлт көбесі сөгілмей, күн әлі де жылы қабақ танытпай тұр. Қоңыр күз түскелі бері ауа райы суытпаса жылыр түрі жоқ. Бұл биыл қыс ерте түсер ме екен деп қауіптендіреді. Синоптиктер де мұны жоққа шығармайды. Мұның өзі қысқа тиянақты дайындалудың қажеттігін алға тартады. Өңірде жылу беру маусымына дайындық қандай деңгейде? Қыста қысылмас үшін қандай шаруалар атқарылды?

 

Тамызда басталған жауын-шашын ара-тұра ашылғанымен, бұлт көбесі сөгілмей, күн әлі де жылы қабақ танытпай тұр. Қоңыр күз түскелі бері ауа райы суытпаса жылыр түрі жоқ. Бұл биыл қыс ерте түсер ме екен деп қауіптендіреді. Синоптиктер де мұны жоққа шығармайды. Мұның өзі қысқа тиянақты дайындалудың қажеттігін алға тартады. Өңірде жылу беру маусымына дайындық қандай деңгейде? Қыста қысылмас үшін қандай шаруалар атқарылды?

«Егемен Қазақстан» газетінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі Сатыбалды Сәуірбай облыстық энергетика, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Мамырғали Аққағазовқа:

– Сіз бұған не дейсіз?

– Қазақ «Қыс шанаңды жаз сайла» дегенді тегін айтпаса керек. Сондықтан да, жылдағы дәстүр бойынша жаз бойы қыстың қамын жасау бағытында бірқатар шаруа тындырылды. Облыста жергілікті атқару ор­гандарының қабылдаған шараларының нәтижесінде 2013-2014 жылдардағы жылу беру маусымына тиянақты әзір­лік жасалды. Үстіміздегі жылғы 20 қыркүйекке дейін жоспарланған 127 жылу қазандығының 125-і жөн­дел­ді немесе олардың қысқы маусымға дайындығы 98,4 пайызды құрады. 281,7 шақырым жылу желілерінің 275,7 шақырымы жөнделді. Бұл – жылу желілері 97,9 пайыз дайын деген сөз. 624,6 шақырым электр желілерінің 612,4 ша­қы­рымы, 216,0 шақырым су және кәріз құбырларының 208,9 шақырымы қыста жұмыс іс­теуге дайын. Жылу беру мау­сымына білім беру және ден­саулық сақтау нысандары то­лықтай әзір етіп қойылды. Жөн­деу жұмыстарын жүргізу жос­парланған 1014 тұрғын үй жылу маусымына сақадай-сай әзір.

Әлеуметтік және өндірістік нысандарды жылу беру маусымына дайындауға мекемелердің өз қаражаты көздерінен және жергілікті бюджет есебінен 8,6 млрд. теңге, оның ішінде 2,1 млрд. теңге нормативтік отын қорын дайындауға бөлінді. Осы мерзімге мемлекеттік мекемелерге жоспарланған 51,4 мың тонна қатты отын толықтай, 10,7 мың тонна дизель отынының 10,3 мың тоннасы тасып жеткізілді. Бұл жұмыс аяқталып қалды десе де болады. Заңды және жеке тұлғалардың коммуналдық қызметтерге бе­решегі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17 пайызға азайды немесе 36,2 миллион теңгені құрап отыр. Жы­лыту маусымы бас­тал­ғанға дейін тұтынылған ком­му­налдық берешектерді жою ба­ғытында тиісті шаралар алынуда.

Жалпы, облыс бойынша­ жылу беру маусымына дайын­дық мәселесі облыс әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауда ұсталып отыр. Осы орайда айта кететін бір жайт – біздің облыста соңғы жылдары қысқы кезеңде төтенше жағдайлар туындаған жоқ. Бірақ, бұл біз үшін арқаны кеңге салуға итермелейтін нәрсе емес. Сондықтан қысқы кезеңге дайындықты тиянақтаудың шаруалары жүйелі жүргізіле беретін болады.

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар