• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Мамыр, 2020

COVID-19: Талдықорғанда тағы 3 тұрғын үй оқшауланды

182 рет
көрсетілді

Жетісуда жұқпалы індеттің таралу қарқыны бәсеңдемей тұр. Бүгіндікке коронавирус белгісі табылған тұрғындар саны 219 адамға жетті.

Осы сәтке дейінгі мәлім болған дерек бойынша індет тағы 7 адамнан табылып, 3 мекенжай оқшауланған. Науқастардың үшеуі Талдықорған қаласынан, екеуі Кеген ауданынан және Талғар ауданы мен Қапшағай қаласынан бір адамнан шықты. Ал облыс орталығындағы індет ошағына айналу қауіпі туындаған 3 тұрғын үй оқшауланды.   

-Осы сәтке дейін Алматы облысында коронавирустың 7 жағдайы тіркелді. 5 пациенттің сырқат жұқтығаны профилактикалық тексеру барысында анықталса, 2 адамның ауыруы медициналық мекемеге өз бетінше жүгінуі барысында бегілі болды. Науқастардың барлығы жұқпалы аурулар бөлімдеріне жатқызылды. Олармен 91 адамның байланыс жасағаны нақтыланды. Күдіктілер  бақылауға алынып, эпидемиологиялық тексерулер жүргізілуде. Сонымен бірге Талдықорғанда тағы үш мекенжай тиісті қаулыға сәйкес індет ошағы деп танылып, карантинге алынды. Үйлер Қаратал шағын ауданында орналасқан, - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Алматы облысы