Төтенше жағдайдың мерзімі аяқталуына байланысты, ҰҚК Шекара қызметінде әскери қызметшілерді запасқа шығару және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қайта басталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Мамыр айында қалааралық теміржол қатынасында шектеулер болғандығын ескере отырып, белгіленген мерзімде запасқа босатылатын әскери қызметшілерді және шақырылушыларды жету орындарына жеткізу Шекара қызметі бөлімшелерінің автокөліктерімен ұйымдастырылатын болады.
Әскери қызметшілерді әрі қарай қызметтен босату және қызметке шақыру бойынша шаралар, Қазақстан Республикасының барлық аумағында жолаушылар тасымалы жалғастырылғаннан кейін маусым айында жүргізіледі.