• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қыркүйек, 2013

Іскер әйелдердің ілкімді ісі

400 рет
көрсетілді

Уақыт талабына сай өмір қажеттілігін өтеуде де же­ті­сулық әйелдер көш бастап отыр. Соның нақты дәлелі ре­тінде Талдықорғанда «Саяси қозғалыстағы әйелдердің жа­ңа мүмкіндіктері» атты конфе­ренцияның өткенін айтуға болады. Екі күнге созылған игі шараны республикалық деңгейде ұйымдастырып, халық жадында сақталатындай етіп өткізуге Қазақстан Республикасы Пре­зиденті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демо­графиялық саясат жөніндегі ұлттық комис­сияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова мен Қазақстан іс­кер әйелдер қауым­дастығының президенті Раушан Сәрсембаева ұйытқы болды.

Конференцияда алдымен мінбеге көтерілген Гүлшара Әбдіқалықова Жетісу өңіріндегі білгір де іскер әйелдермен жүз­де­скеніне қуанышты екенін ай­та келіп, Алматы облысының бір­қатар жетістіктерін тілге тиек етті.

«Бүгінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы шеңберінде ал­дымызға қойылған міндеттің бірі адами қапиталды және эко­номикалық, құқықтық инсти­туттардың тиімді жүйесін құру болып табылады. Мемлекет пен азаматтық қоғамның, билік пен бизнестің арасындағы байланысты дамыту, сондай-ақ, гендерлік теңдікті нығайту ар­қылы саяси жүйені одан әрі жаң­ғырту», деді Алматы облысы әкімінің міндетін атқарушы Амандық Баталов.

Көрген жанның көзін тойдырып, әдеміліктерімен әйбат әсерге де бөлеген жетісулық қыз-келіншектер мемлекеттік қызметте ғана емес, бизнес саласында да жақсы жетістіктерге жеткендігін бүгінгі конференция өткізілген облыстық орталық мәдениет сарайы дәлізінде арнайы ұйымдастырылған көрмеде де көрсете білді. Азық-түлік өнімдерімен қатар, полиция, тө­тенше жағдайлар және әскери қызметкерлерге арнайы тігілген формалары жауын-шашын мен аптап ыстықта өңін бұзбайтын шыдамды материалдардан сапалы тігілуі тәнті етсе, ұлттық үлгіде бүлдіршіндерге арнап тігіліп һәм тоқылған аяқ киімдері ісмер әйелдер іскерлігіне сүйсінтті.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.

Соңғы жаңалықтар