Пәкістан әуе жолдарына тиесілі Лахор қаласынан Карачи қаласына бет алған Airbus A320 ұшағы Карачи маңында құлады. Бұл туралы The New York Times хабарлады.
Ұшақтың құлаған жазбалары әлеуметтік желілерде тарап кетті. Ресми ақпарат көздері әлі мәлімдеме жасамады. Жолаушылар туралы ақпарат жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақта кемі 91 жолаушы болуы мүмкін. Ұшақ жер үйлер ауданында құлаған. Бейнежазбалардан бірнеше үйдің өртке оранғаны көрінеді.