• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Руханият 25 Мамыр, 2020

«Кедергілерді жеңу» деректі фильмі үздіктер қатарынан көріне ала ма?

177 рет
көрсетілді

Режиссер Бану Рамазанованың «Кедергілерді жеңу» деректі фильмі үш бірдей беделді халықаралық фестивальге қатысады.

Мәдениет және спорт министрлігінің тапысырысымен «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген деректі фильмнің желісі 1952 жылы Жамбыл маңындағы Луговское жылқы зауытында туған Кеңес заманындағы жылқы спортының аңызы болған «Абсент» ақалтекесі туралы және тәуелсіз Қазақстандағы конкурдың жағдайын баяндайды.

– Кедергілерді жеңу» фильмі менің жүрегімде ерекше орын алады.  Туынды дебюттік жұмысым болғандықтан ғана емес, бір жыл бойы жұмыс істеген фильмнің арқасында тамаша адамдармен – біздің кейіпкерлерімізбен таныстығым үшін де ыстық. Біз олардың қалай ат таңдағанына, жылқылар ауырған кезде қалай уайымдағанына, төрт жылдан артық өткізілмеген Қазақстандағы Әлем Кубогының кезеңіне дайындығын және өздерінің жетістіктеріне қалай қуанғанына куә болдық»,- деп пікір білдірген фильм режиссері Бану Рамазанова сөзін әрі қарай жалғады: – Бүгінгі таңда бәріміз, фильмдегідей, коронавирустың таралуына байланысты кедергілерді жеңудеміз. COVID-19 барлық салаларда, атап айтқанда, кино индустрияға да айтарлықтай кедергілер тудыруда. Фильмімізді ұсынған көптеген фестивальдер пандемияға байланысты кейінге шегерілді. Бірақ, соған қарамастан, біз бұл кедергіден өтіп, фестивальдердің негізгі конкурсына іліндік. Бұл жолы біз бұрынғы өмірімізге жеңімпаз болып ораламыз», - деп қосты фильмнің авторы.

Деректі фильм 2020 жылы 30-31 мамырда Стамбулда өтетін Anatolia International Film Festival халықаралық кинофестивалінің басты байқауына қатысады. Деректі фильм «Ең үздік деректі», «Үздік музыкалық фильм» және «Үздік режиссер» аталымдары бойынша бәйгеге түседі.

Жылына екі рет өтетін кинобайқау бағдарламасына қысқа, толықметражды көркем фильмдер мен деректі фильмдер кіреді.

Фильм сонымен қатар 2020 жылғы 1-7 тамыз аралығында Грецияда өтетін  7-ші Иераптера Халықаралық деректі фильмдер фестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасында ұсынылды. Ашық аспан астында өтетін фестиваль бүкіл әлемдегі деректі фильмдерге арналған және жас әрі тәуелсіз режиссерлердің жұмысын қолдайтын, өнердің жетекші түрі ретінде осы жанрды насихаттауға арналған. Биылғы көрсетілім ғылыми зерттеулер мен инновацияларға арналады.

23-30 тамыз аралығында «Кедергілерді жеңу» картинасы Docs Without Borders Film Festival кинофестивалінің негізігі конкурсына қатысады. Америкадағы ең ірі деректі фильмдер кинофестивалінің бірі 23-30 тамыз аралығында өтеді.