• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Мамыр, 2020

Алматыдағы оқиға: Мас жүргізуші полиция қызметкері емес

304 рет
көрсетілді

Алматы полициясы екі полиция қызметкерін мерт қылған жүргізуші туралы ақпарат берді.

«Әлеуметтік желіде мас жүргізушінің өзі де полиция қызметкері деген сыбыс тарады. Ақпаратты растамаймыз», - деді Полиция департаментінің өкілдері.

Айта кету керек, оқиға қала шекарасындағы тосқауыл бекетінде болған. Қатты жылдамдықпен келген «БМВ» автокөлігінің жүргізушісі жол бойындағы бетон қабырғаға соғылып, бекетте кезекшілік атқарып тұрған полиция көлігіне барып түйіскен. Көлікте екі тәртіп сақшысы болған екен. Тосын соққыдан полиция лейтенаты, 42 жастағы Ж.Жанғазиев есін жимаған күйі қайтыс болса, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген екінші тәртіп сақшысы да жарақат салдарынан қайтыс болды.