• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Мамыр, 2020

COVID-19: АҚШ Бразилиямен әуе қатынасын тоқтатты

160 рет
көрсетілді

Бразилия елінде коронавирус індеті шектен тыс өршіп тұр. Дертке тап болғандар саны 350 мыңнан асып, 22 мың адам ауру салдарынан көз жұмды. Нәтижесінде аталмыш ел індет жұқтырудан Ресейді басып озып, АҚШ-тан кейінгі екінші орынға жайғасты. Осындай жағдайдан кейін АҚШ бұл елмен қатынасты тоқтатып, әуе рейстеріне шек қойды.

Әлемдік сарапшылар аталмыш елде жұқпалы аурудың жойдасыз таралуына президенті Жайр Болсонарудың немқұрайлығы әсер етуде дейді. Ол пандемияны «қатардағы тұмау» ретінде бағалап, медицина мамандарының елді сақтандыру туралы пікіріне мән бермей, тіпті кейбір оқшаулау шарасын енгізген провинция басшыларына қысым жасауда дейді.