Қарағанды облысында өткен тәулік ішінде 43 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зертханалық негізде анықталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Індет бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде, сондай-ақ скрининг барысында анықталды. Пациенттердің арасында қарағандылық 18 тұрғын, Теміртау қаласында тұратын 19 адам, Саран қаласының екі тұрғыны және Абай мен Шет аудандарынан екі адамнан анықталған.
Науқастар инфекциялық стационарға жатқызылды. Дәрігерлер олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық екенін айтады. Тиісті емдеу жүргізілуде. Жұқтыру ошақтары дезинфекцияланды.
26 мамырдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың 705 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде үш науқас «жаман тұмаудан» көз жұмды және 193 адам жазылып шықты.